Оның сөзіне қарағанда, 23 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, 6 қылмыстық іс біріктірілді, қалған фактілер бойынша тергеу амалдары мен тексеріс жүруде.
«Бүгінде ІІМ 10-шы басқармасы ҚР 188 азаматы Сирия, Ауғанстан және Пәкістандағы соғысқа тартылғанын анықтады. Олардың 24 әйелдер, бесеуі ҚР оралды. 9 адам ұсталды, 18-іне іздеуге жарияланды. Жиырма бір қырғызстандық қаза тапты», - деп түйді Мамбеталиев.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ 10-шы басқармасының қызметкерлері қырғызстандықтарды Сирияға жіберудің 4 бағытын анықтады. Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында мұсылман өкілдерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Барлық мешіттер мен имамдарды тексеріп жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық имамдар аттестациядан өтуде», - деді Мамбеталиев.