Бұл туралы бүгін Астанада прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына арналған алқа мәжілісте ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«ТМД елдерінің тығыз ынтымақтастығының арқасында, Іле-Алатау ұлттық саябағындағы терактіге қатысты іздеуде жүрген Саян Хайровты беру жөніндегі қолдаухатты Қырғызстан биыл қанағаттандырды»,-деді Бас прокурор А. Дауылбаев.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 13-14 тамызда Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағында пышақ жарақаттары бар 6 мәйіт, кейін өртеніп кеткен орманшының үйінен 5 адамның мәйіттері табылды. Ал тамыздың соңында қылмыстың 12-ші құрбаны болған азаматтың жанып кеткен денесі табылды.