Қырғызстан Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағына қосылуы тиіс - Премьер Атамбаев

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғызстан Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағына қосылуы тиіс. Мұндай пікірді Қырғыз Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаев "Ресей дауысына" берген сұхбатында білдірді. Оның айтуынша, одаққа қосылу кезінде халықаралық уағдаластық сақталуы керек, деп хабар таратады РБК.

"Мен дәл қазір Қырғызстанның болашағы бірыңғай Кедендік одақтағы Ресеймен және басқа елдермен - Қазақстан, Белоруспен бірге екенін көріп тұрмын. Сонымен қатар Ресеймен Бірыңғай экономикалық кеңістікте біздің әлеуетіміз арта түседі", - деді А.Атамбаев.

Оның айтуынша, Қырғызстан Кедендік одаққа қосылуға өтініш білдірген.