Қырғызстан Қазақстанға зарарлы картопты импорттауға тыйым салудың заң жүзінде дәлелділігін мойындады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан елінде Қазақстанға зарарлы картопты импорттауға тыйым салудың заң жүзінде дәлелділігін мойындап, жеткізу олқылықтары үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін кінәлап отыр. Бұл туралы бүгін тілшілерге Қырғызстанның Сауда нарығы, кәсіпорындар және қызмет көрсету саласы қауымдастығының президенті Сергей Пономарев мәлімдеді.

«Мұндағы жағдай күрделі, оған ауыл және су шаруашылығы министрлігі кінәлі. Қазақстандық тарап наразылық білдіріп, жазбаша түрде жауап беруді сұрағанда, ал біздің министрлігіміз оған үнсіз қалған - бұл олардың істі соңына дейін жеткізбеуі, премьер-министр сол үшін министрлік өкілдерін, басшысын немесе орынбасарларын жазалауы тиіс. Бұлай істеуге болмайды, бұл қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарау болып табылады», - деп санайды С.Пономарев.

Оның пікірінше, қалыптасқан жағдайда қазақстандық биліктің шектеу енгізу шешімдері заң жүзінде дұрыс.

Қауымдастық басшысының айтуынша, Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі бұл проблеманы өзі шеше алмайды.