Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігінде жұма күні өткен «дөңгелек үстелде» Қырғызстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азизбек Мадмаров мәлімдеді.
«Қырғызстан еуропалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша саяси диалогтарға, халықаралық қатынастардың көкейкесті проблемалары бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысуға даяр. Біздің ел халықаралық қауіпсіздік мәселелерінің жаһандық проблемаларын шешу үшін 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясын қолдайды, - деді елші. - Біздер ЕҚЫҰ қызметтерінің сабақтастығын және ұзақ мерзімді жоспарлануын қолдаймыз. Қазақстанның ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздік, экономикалық және экологиялық қатер, лаңкестікке қарсы күрес, адам құқығы және бостандығы, демократия және заңдардың үстемдігі салаларындағы ең көкейкесті проблемалар бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысуға ұмтылуын қуаттаймыз», - деп атап айтты А. Мадмаров.