Қырғызстан колониялары нан-бөлке өнімдерін, жиһаз, құрылыс материалдарын шығарады, киім тігеді

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Қырғызстан колонияларында сотталғандар нан-бөлке өнімдері және соя сүті, құрылыс материалдар, өндірісінде еңбек етеді, деп хабарлады KGinform.

№1, 2, 3, 10, 16 және 47 колонияларда нан, макарон және жарма өнімдерін, соя сүтін, құрылыс материалдарын, жиһаз, тіпті кәдесыйлар шығаратын өндірістік желілер жұмыс істейді, деп хабарлады Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі төрағасының орынбасары Қалмұрат Байтолоев.

№2 колонияда Еуроодақ қаржысына заманауи машиналармен жабдықталған тігін цехы ашылған. Мұнда Жазаларды орындау мемлекеттік қызметінің қызметкерлеріне және өмір бойы түрмеде отыратын сотталғандарға киім формасы тігіледі.

Колониялардағы өндірістер қосымша құн салығынана, табыс салығынан боссатылған, сатылған өнімге ғана салық салынады. Бағасы нарықтағыдан төмен. Алдағы уақытта өндіріс одан әрі дамытылмақ.