«Заң жобасына сәйкес, егемендік иесі және мемлекеттік биліктің басты көзі болып саналатын Қырғызстан халқының талап-тілегін анықтау үшін парламент 2016 жылдың 4 желтоқсанына тұтас Қырғызстан аумағына референдум тағайындауы қажет», - делінген хабарламада.
Қырғыз Республикасы орталық сайлау комиссиясы да референдумға дайындық жайлы пікір білдірді. Референдум мен жергілікті кеңеске сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Референдум өткізуге 67 миллион 40 мың сом жұмсалады.
Айта кетейік, Қырғызстанның негізгі заңындағы өзгертулер парламент пен премьер-министр өкілеттіктерін нығайтуды қарастырады. Референдум өткізу елдегі бес парламенттік фракция көшбасшыларының бастамасымен көтерілді. Кейінірек оларды президент Алмазбек Атамбаев қолдады.