РБК агенттігіне Мәскеу қалалық құқық қорғау органының өкілі хабарлағандай, оқиға кеше, 6 қараша күні Дубнинская көшесінің бойындағы 12 үйдің жанында болған.
Дерек көзінің нақтылағанындай, автокөлік артқа қарай жүріп келе жатып, 1940, 1936 және 1934 жылғы үш зейнеткерді қағып кетеді. Зардап шеккен 1940 жылғы қарт сол жерде қаза тапса, қалған екі әйел ауруханаға жатқызылды.
Жол апатын жасаған адамды сол күні кешке қолға түсіру мүмкін болды. Анықалғанындай, ол 1994 жылы туған Қырғызстан азаматшасы болып шыққан. Ол ешқандай рұқсат құжатынсыз көлікке отырған. Қарт әжелерді соққан ол көлікті тастап, қашып кеткен.
Енді қырғыз азаматшасы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.