Қырғызстан: Қызылқия қаласындағы атыс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баткен облысындағы Қызылқия қаласында атыс болды, бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы КирТАГ қала милициясына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қаладағы офистердің бірінің жанында белгісіз екеу оқ жаудырған. Салдарынан оқ тиіп жараланған бір адам ауруханаға жатқызылды. Шабуыл жасағандар іздерін суытып үлгерген.

Қызылқия милициясының бастығы Талант Мамытовтың сөзіне қарағанда, келеңсіз оқиға тұрмыстық кикілжіңге байланысты.

Қаззіргі уақытта оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.