«Беларусь президентіАлександр Лукашенконың Құрманбек Бакиевпен кездесуі туралы БеларусьРеспубликасы президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың 7тамызында Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚырғызстандағыБеларусь Республикасының елшілік ісіндегі уақытша сенімді уәкілі С.Ивановтышақырды», - делінген Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметітаратқан хабарламада.
Кездесу барысындаҚырғызстанда сотталушы тұлғамен ресми ашық байланысты жалғастыруға наразылықбілдірілген Қырғызстан СІМ-нің нотасы табысталды.
«Қырғыз тарапы осыкездесу барысында Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануына жәнеекі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастық қағидаттарына мүлдем сәйкескелмейтін қырғыз-беларусь достығы туралы сөз қозғауға жол берілмейді деп санайды.
Қырғыз тарапыБеларусь Республикасының ресми билігін осы жағдайға көзқарасты өзгертіп,екіжақты ынтымақтастықтың жағымды жағына назар аударуға шақырады», - депмәлімдеді Қырғызстан СІМ.