Осыған дейін бірқатар БАҚ өкілдері «ДНК-Технологиялар - Манас» компаниясында материалдарды жинастыру шараларын жүргізіп, оны нақты зерттеуді «Медикал Геномикс» (Англия) компаниясында жасауға әбден болады деген ақпарат таратқан еді.
Осыған байланысты, генетикалық ДНК-зерттеулерді жүргізуге арналған жабдықтардың техникалық қасиеттерін жан-жақты әрі объективті, толық зерттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігінде арнайы комиссия құрылды.
Комиссия сарапшылар берген қорытынды анықтамада, «ДНК-Технологиялар - Манас» зертханасы жеке тұлғасын анықтауға қатысты талаптарға жауап бере алмайтынын, бұл жердегі жабдықтардың ескіргендігі, қажетті ДНК-зерттеулерінің құрамы мен реагенттерінің тозып кеткені туралы ақпарат беріліпті.
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі күні 45 адамның мүрдесінің жеке тұлғасы анықталған жоқ. Оларға қатысты барлық қажетті ДНК үлгілерін барлық талаптарға сай, тәжірибелі лаборанттар алып, қазіргі күні ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық бақылау департаментіне сақтауға қойылды.