Жогорку Кенеш баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе бойынша ақпаратты Экономика және сауда вице-министрі Қанат Әбдірахманов ұсынды. Келісім жобасы негізінде Қырғызстан мен Әзербайжан арасында жарғылық капиталы 25 млн АҚШ долларын құрайтын бірлескен екіжақты инвестициялық қор құру ұсынылады. Жарғылық капиталды Әзербайжан тарапы қосқан және оны 50 млн долларға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Қордың штаб-пәтері Бішкек қаласында орналасады. Қорды құру инвестициялық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мен кеңейтуге серпін беретіні атап өтілді.
Фото:kabar.kg