«Қазіргі уақытта Қазақстаннан алымсыз мұнай және мұнай өнімдерін импорттау туралы үкіметаралық құжат келісіліп жатыр. ЕАЭО елдерінде барлық тауар, қызмет түрі алымсыз, алайда мұнай және мұнай өнімдері бұл тізімнен тыс. Сондықтан екі жақ өзара келісу арқылы бұл мәселені реттеуде. Индикативтік жоспар, яғни қырғыз компаниялары Қазақстаннан сатып ала алатын мұнай көлемі нақтыланып жатыр», - дейді Ұ.Кулов.
Қырғызстан территориясына ЖЖМ енгізуді шектеу мәселесіне тоқтала келе қауымдастық өкілі бұл тек уақытша шара екендігін, оның ЖЖМ-ны импорттау мәселесі шешілгенге дейін ғана қолданылатынын атап өтті.