Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады және өзара тиімді негіздегі қатынастарды дамыту қажеттігін атап көрсетті.
Қырғызстан және ҚХР үкіметтерінің басшылары бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін беруге уағдаласты, солардың арасында жоспарланып отырған «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолының құрылысы да бар. Алмазбек Атамбаев пен Вэнь Цзябао Қытайды орталықазиялық елдермен байланыстыратын темір жол құрылысы «Ұлы Жібек жолының заманауи айта жаңғыруы» болып табылатынын атті.
Кездесу барысында Вэнь Цзябао жоғарғы қытай басшылығының қырғыз үкіметіне ел экономикасын орнықты өсімге шығаруға көмектесетінін мәлімдеді және ҚХР коммерция министрлігіне Қырғыз үкіметімен жаңа ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруда және жүзеге асыруда тығыз байланыс жасауға тапсырма бергенін айтты.
Кездесу аяқталғаннан кейін тараптар Қырғызстан мен Қытай министрліктерінің арасындағы ынтыммақтастық, өзара бас консулдықтар ашу, зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі келісімдерге қол қойды.