«Мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесін торуылдаған шекара жасағы Ала-Бұқа ауданы Ажек елді мекенінде аңшылықпен айналысып жүріп, заңсыз мемлекеттік шекараны кесіп, Қырғызстан аумағына өткен Өзбекстандық үш азаматты ұстады. Олар «қаруды тастап, беріліңдер» деген талапқа бағынбай, шекарашыларға оқ атқан», - деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің Жұртшылықпен байланыс және БАҚ бөлімінің басшысы Гүлмира Бөрібаева.
Бөрібаеваның айуынша, атыс кезінде заң бұзушының бірі жараланды, қалғандарын өзбекстандық шекара жасағы мемлекеттік шекара желісінде тұтқынға алды.