Қырғызстан мен Тәжікстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшылары аймақтағы ахуалды талқылады

БІШКЕК. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қырғыз Республикасының қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов пен Тәжікстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әмірқұл Әзімов телефон арқылы сөйлесті.

М.Иманқұлов өзінің тәжік әріптесіне көрші мемлекет территориясында лаңкестік әрекеттердің белең алып отыруына байланысты Қырғызстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы әңгімелеп берді.

Қырғыз республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Бішкектің саяси қолдауын білдіре отыра, Тәжікстанға заңсыз қарулы құрылымдарды жоюға қолдан келген көмекті аямайтындығына сендірді.