Қырғызстан ОСК Конституцияға түзету енгізу бойынша референдум ұйымдастыруға әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова ОСК Конституцияға түзету енгізу бойынша референдум ұйымдастыруға әзірленіп жатқандығын мәлімдеді.

Бұл туралы КирТАГ хабарлады.

 «87 депутат «Конституцияға өзгерістер енгізу туралы»  референдум өткізу туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл бізді осы үрдіске ұйымдасқан түрде әзірленуге мәжбүрлейді», - деді Н.Шайлдабекова.

Атап өтсек, бүгін ОСК дауыс беру автоматты түрде есептелетін  2 мың сайлау жәшіктерін  сатып алуға тендер жариялады, сондай-ақ бұл тендер заң талаптарының орындалуына бағытталды.