Қырғызстан Парламенті конституциялық референдум туралы заң жобасын мақұлдады

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстан Парламенті «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша референдумды тағайындау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

ҚР Жогорку Кенеші үшінші оқылымда конституциялық референдумды тағайындау туралы заң жобасын мақұлдады. Парламентте де, одан тыс жерде де біршама даулар туғызған заң жобасын қолдап  89 адам дауыс берсе, 16 адам қарсы болды. Құжат референдум жүргізу арқылы Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер бойынша халықтың пікірін анықтауға жіберілді. Заңда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу күні бекітілді - жергілікті кенеште сайлау өтетін күн - 11 желтоқсан.