Қырғызстан парламентінде коалицияның тағдыры шешілуде

БІШКЕК. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Дәл қазір Қырғызстан Жогорку Кенешінде парламенттік көпшілік коалициясының кеңесі өтіп жатыр.

Спикер Ахматбек Келдібековтың төрағалығымен өтіп жатқан бүгінгі отырыстың басында құрамына үш депутаттық фракция: «Қырғызстанның Әлеуметтік-демократиялық партиясы», «Ата жұрт» және «Республика» партиялары кіретін парламенттік көпшілік коалициясының кеңесін өткізу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Қырғызстан депутаттарының айтуынша, дәл қазіргі таңда Жогорку Кенештегі коалициялық көпшіліктің келешек тағдырына қатысты бірқатар мәселелер туындап отыр. Бір топ депутат кеңес өткізіп, осы мәселелерді талқылау қажеттігін атап көрсетті.