Спикер лауазымына Д. Жұмабековпен таласқан екінші кандидат «Онугуу - Прогресс» фракциясының мүддесін қорғайтын И. Масалиев болды. Сайлауда Жұмабековке - 80, Масалиевке 32 депутат дауыс берді, 5 депутат екеуінің де кандидатурасына қарсы болды.
Еске сала кетсек, 25 қазанда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Тұрсынбеков отставкаға кетті . Ол бұл лауазымға 2016 жылдың сәуірінде сайланған болатын.