«Үкімет қабылдаған барлық шаралар заңды, мемлекет мүддесіне жауап береді», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Бішкек-Корумду жолына қатысты тендер бойынша депутаттық комиссия отырысы жабық түрде өтті және ол шығарған шешім «әділ емес» болып табылады. «Мен ешқашан артқа шегінбеймін, бұл менің болмысыма тән емес. Жұмысымнан кетуге әзірмін, бірақ адал жұмыс істеп, лас саяси ойындарға қатыспағанымды, ешуақытта бұлай жасамайтынымды аяғына дейін дәлелдеймін. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен жоғары, бұл қағидаттан еш уақытта айнымаймын және дәлелсіз айыптарды іспен теріске шығаруға әзірмін», - деп атап өтті Сариев.
Тимур Сариев саясатта қалуға ниетті. «Мен саясатта қаламын. Алда жоспарлар және оларды іске асыруға байланысты жұмыстар көп. Қазір елдің барлық үдемелі күші тек қана алға қарауы тиіс», - деді ол. Оның айтуынша, Сариевтің жұмыстан кетуге шешім қабылдауына министрлер кабинеті айналасында қалыптасқан «ашықтан-ашық жалған және саяси ойын» себеп болған.