Қырғызстан премьер-министрiнiң мiндетiн атқарушы Жанторо Cатыбалдиев отставкаға кетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан премьер-министрiнiң мiндетiн атқарушы Жанторо Cатыбалдиев ел президентi А.Атамбаевтың атына отставкаға кету жөнiнде өтiнiш тастады. Бұл туралы ол бүгiн үкiметтiң кеңейтiлген отырысында мәлiм еттi.

Ж.Сатыбалдиев отставкаға 26 наурызда кетудi жоспарлап отыр. Отырыс барысында ол өзiнiң бастауымен жұмыс iстеп келген министрлер кабинетi Қырғызстанның әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күшін салғанын атап өттi.

Еске салайық, парламентте "Ата Мекен" фракциясы "Ырыс алды - ынтымақ" депутаттық фракциясынан шығу жөнiнде шешiм қабылдады. Бұл өз кезегiнде үкiметтң отставкаға кетуiн мәжбүрлейдi.