Ө.Бабанов Д.Медведевті мемлекеттік мереке - Ресей күнімен құттықтап, сондай-ақ өзінің әріптесіне қырғыз-ресей қарым-қатынастардың дамуына қосқан жеке үлесі үшін және Қырғызстан мен Ресей арасындағы екіжақты, көпжақты байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге ұдайы назар бөлетіндігіне ризашылығын білдірді.
Қырғызстандық премьер сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында Ресейге сапар жасау ұсынысы үшін алғысын білдірді. Әңгімелесу барысында Қырғызстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары алдағы сапардың күн тәртібін талқылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың шілде айында Мәскеудегі қырғызстан-ресей келіссөздерін тиімді өткізу үшін екі ел сарапшыларының сапарларын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.