Ауа райының қолайсыздығынан экипаж ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыра алған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Оның қанаты мен дөңгелегі істен шыққан. Ұшақ бортында барлығы 159 адам болған.
Еске салайық, 22 қарашада Красноярск-Ош бағыты бойынша AVJ 768 рейсін орындаған «Авиа Трафик» әуе компаниясының «Боинг 737» ұшағының апатты қонуы кезінде алты адам зардап шекті: аяғы ауыр әйел мен төрт жолаушы, сондай-ақ бір ұшқыш аурухана жеткізілді. Шұғыл шақырылған кеңес кезінде ел премьер-министрі Темір Сариев төтенше жағдайды тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құруды тапсырды. «Ош қаласындағы оқыс оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларға өтемақы төленеді», - деді Т.Сариев.