Қырғызстан Президенті А. Атамбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-7 қарашада Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы болады деп күтілуде.