ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қырғызстандық делегацияның құрамында Раиса Атамбаева (А. Атамбаевтың әйелі), Сапар Ысқақов (Президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі),Эсенқұл Өміралиев (ҚР-дағы Қырғызстан Республикасының елшісі), Темір Сәриев (монополияға қарсы саясат және экономика министрі), Асқарбек Шадиев (өнеркәсіп және энергетика министрі), Асейін Исаев (ҚР СІМ-нің статс-хатшысы), Қаныбек Нарбаев (өңірлік даму бойынша мемлекеттік агенттіктің директоры), Құбанычбек Құлматов (мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы), Сооронбай Жээнбеков (Ош облысының губернаторы) және Зәкір Тіленов (Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары - Шекаралық әскерилердің басқарушысы) бар.
11:47, 10 Мамыр 2012
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ресми сапармен Астанаға аттанды
БІШКЕК. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ресми сапармен Астанаға ұшты.