Қырғызстан президенті: Баткен шекарасындағы жағдай –жеке бақылауымда

Фото: None
БІШКЕК.Кабар-ҚазАқпарат – «Баткен облысындағы шекарадағы жағдай менің жеке бақылауымда», - деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін Ақсай ауылындағы тұрғындармен кездесуде. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстанпрезиденті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің мәлімдеуінше,С. Жээнбеков Тәжікстанның Исфара қаласына барар жолда Ақсай ауылына түсіп,оның тұрғындарымен кездескен.

«Қазіртәжік тарапымен бірлесе қарастырған шаралардың арқасында жағдай тұрақталды.Баткен облысындағы шекараға Ішкі істер органдары мен Мемлекеттік шекарақызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, осы жұмыстарбіздің өткендегі кездесулерімізден кейін шұғыл түрде іске асырылды. Ендішекарадағы жағдайды бақылау жөніндегі патруль жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.Шекара толығымен біздің бақылауымызда болады», - деді Жээнбеков.

Қырғызстанпрезиденті Ақсай ауылы тұрғындарымен кездескеннен кейін Тәжікстан президентіЭмомали Рахмонмен кездесу үшін Тәжікстанның шекарадағы Исфара қаласына аттанды.

Соңғы жаңалықтар