Қырғызстан Президенті: Біз халықтың бөлінуіне, тұрақсыздық орнауына жол бермейміз

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – «Біз халықтың бөлінуіне , тұрақсыздық орнауына жол бермейміз», деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысында. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлады.

Оныңайтуынша, елде заңдылық, бейбітшілік пен қауіпсіздік үстемдік етуі үшін барлықшаралар қолданылады.

«Атамбаевтыңтарабы атыс қаруын қолданғанына қарамастан, арнайы күштер атыс патрондарынпайдаланған жоқ», - деп атап өтті Қырғыз Республикасының президенті СооронбайЖээнбеков бүгін, 8 тамызда Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында.

Мемлекетбасшысы жағдайды ушықтыруға жол бермеу үшін шаралар мен резеңке оқтарқолданылғанын ерекше атап өтті.

«Егер кешегікүнге дейін Атамбаевты тергеуге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмысжасағаны үшін күдікті ретінде қарайтын болады», - деді Жээнбеков.

Сондай-ақ,кеше Атамбаевтың үйіне шабуыл жасау кезінде тұтқынға алынған арнайы қызметқызметкерлері босатылды. Бұл туралы парламенттің отырысында депутат МыктыбекАбдылдаев хабарлады.

Соңғы жаңалықтар