«Небәрі бір айдың ішінде жазылған конституция жетілген бола алмайды. Бұл конституцияда көптеген кемшіліктер бар және ерте ме, кеш пе бірдеңені өзгерту керек. Егер біз сотымыздың жақсы болғанын қаласақ, конституциямызды ауыстыруға тура келеді», - деді ол 2014 жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатының барысында журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, деп хабарлады РИА Новости.
Қырғыз елінің президенттің мәліметтері бойынша, елде қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан сот реформасы конституция аясында бірқатар шектеулерге тап болуда.
«Жоғарғы соттың шешімінің соңғы түйінді шешім болуы дұрыс емес», - деді Атамбаев.
Осы елдегі 2010 жылғы төңкерістен кейін қабылданған Қырғызстанның конституциясында ол 20 жыл бойы өзгертіле алмайды делінген.
«Қазіргі қолданыстағы конституцияның аясында сот реформасын жүргізу өте қиын болады», - деп атап өтті А.Атамбаев.
Ол елдің ата заңын реформалауды өзінің өкілеттілігін ұзарту үшін жоспарламайтынын айтты.
«2 жыл 9 айдан кейін мен жаңа президентке мүлде басқа елді тапсырамын», - деді ол.
Қырғызстанның конституциясы бойынша, бұл елде президент бесжылдық мерзімге тек бір рет қана сайланады.