Қырғызстан Президенті ЕурАзЭҚ саммитіне қатысады

БІШКЕК. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеу қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесі отырысының жұмысына қатысады.

Аталмыш шараны өткізу ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің желтоқсандағы отырысында жоспаларланған болатын. Алдағы отырыстың күн тәртібінде - ЕурАзЭҚ-ты қайта құру мәселелерін талқылау.

Өзінің Ресей Федерациясына сапары барысында Қырғызстан Республикасының Президенті А.Атамбаев бірқатар екіжақты кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр.