Қырғызстан Президенті «Қомыз күнін» бекітті

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков «Қомыз күнін» бекіту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ел басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаулыда атапөтілгендей, дәстүрлі музыканы қырғыз халқының рухани мәдениетінің ажырамасбөлігі ретінде қомызсыз елестету мүмкін емес.

«Қазіргі таңдақомыз жаңа мән-маңызға ие болуы қажет. Ол қырғызстандықтардың мәдениалуантүрлілігінің бірлігі символына айналуы тиіс... Осы ретте, Қырғызстанныңэтникалық бірлестіктерінің мәдениетаралық диалогын кеңейту үшін дәстүрлі музыканыңрөлін күшейту керек», - делінген құжатта.

Аталған бағытта тиістіжұмыстар жүргізу үшін Қырғыз Президенті ел Үкіметіне 9 қыркүйекті жыл сайынаталып өтетін Қомыз күні ретінде бекітуді ұсынатын қаулыға қол қойды.

Қаулы жарияланғанкүннен бастап күшіне енеді.

Қырғыз халқының ағаштан жасалатын үш ішекті, пернесіз, шертіпойналатын ұлттық музыкалық аспабы.