Қырғызстан Президенті Орталықазиялық одақ құру туралы қазақстандық бастаманы тағы да қолдады

БІШКЕК.  Шілденің 29-ы.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -  Қырғыз  Республикасының  жаңадан  қайта сайланған   Президенті Құрманбек Бакиев  кеше кешке  сайлау    қорытындысы  бойынша        халыққа жолдау    жасады.

Президент  өз сөзінде      республиканың  келешектегі сыртқы   саясаты мәселелеріне  де тоқталды. 

Қырғызстанның  халықаралық  сахнадағы    болашағына  тоқталған   Қырғызстан Президенті, бұл мәселе  бойынша     республиканың       негізгі   идеологиялық тұғырнамасы  өзгермейтінін -    диалог,   өзара түсіністік, ынтымақтастық және серіктестік арқылы  қауіпсіздікке  қол жеткізу  негізгі    міндет болып    қала беретінін  атап  көрсетті.   Дәл сондықтанда   Қырғызстан      көптеген  халықаралық     ұйымдар  мен  одақтарға   белсенді қатысуда.

Қ.Бакиев  сондай-ақ,  Қырғызстанның   бас тарихи және  стратегиялық  серіктесі ретінде  Ресеймен,  екіжақты   экономикалық,  мәдени,  ақпараттық  ынтымақтастықты дамытып  отырғанын, АҚШ,  Қытай, Түркия,   Жапония, Сауд  Арабстаны елдерімен  арадағы қарым-қатынасты  біртіндеп  дамытып келе жатқанын  атап  көрсетті. «Біз көршілерімізбен    арадағы   қарым-қатынасымызды   өзара құрметке  және ұлттық   мүдделерді  сақтауға  негіздеп  отырмыз.   Оның  үстіне, бұдан бұрын  айтып кеткендей,   біз  Орталықазиялық одақты  құру  жөніндегі  бастаманы    табанды   қолдауымыз  керек»,- деді Қырғызстан  Президенті  өз сөзінде.

«Бізге   өте күрделі  мәселелерді  шешу және   өте салмақты ығыттарға бірлесіп   жауап беру керек. Жаһанданудың  әсерінен    су   балансының,  оның ішінде  өңірдегі су  теңгерімінің  өзгеріп     отырғаны ешкімге     құпия емес. Ғалымдардың  мәліметтері  бойынша, мұздықтар  азайып барады.   Жасалған  болжамдарға сүйенсек,   30-50 жылдан  кейін    біздің өңір де,      бүкіл  әлем сияқты,   таза судың    жетіспеушілігіне   ұшырайды. Аймақ  елдерінің келешек  ұрпақтарының алдындағы  өз жауапкершілігімізді   ұғына  отырып,  әлемдік қоғамдастықтың  қолдауымен     бұл мәселені  біз  қазірден бастап шеше бастауымыз  керек. Біз  таза судың стратегиялық    резервін  жасаудың  жолдарын   бірлесіп  іздестіруіміз  керек.   Бұл үлкен  міндет,     оны   бір ел жеке  отырып шеше алмайды.  Бұл  жерде   ұлттық эгоизмге   жол  жоқ -  қалыптасып  отырған  жағдайдан тек  ынтымақтастық арқылы  ғана    шығуға болады»,  деп  атап  көрсетті Құрманбек Бакиев  өз жолдауында.