Белгілі болғандай, Атамбаев мінген ұшақ түнде Измирдің Анднан Мендерес атындағы халықаралық әуежайына қонды. Қырғызстан Президентінің денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханаға жеткізілген.
Қазір Алмазбек Атамбаев Чешме қонақүйлерінің бірінде. Оның денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Ғимаратта жедел жәрдем көлігі кезекшілік етуде. Қырғызстан Президенті қыркүйек соңына дейін Түркияда тыңғылықты медициналық тексеруден өтеді.
Еске сала кетсек, кеше БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Бішкектен ұшып шығып Нью-Йоркке бет алған жолда Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев жүрегі ауырғандықтан сапарын тоқтатқан болатын.