А.Атамбаев Киевте қаза тапқан адамдар туралы хабарды қырғызстандықтардың қабырғасы қайыса қабылдағандығын айтты. «Бұл Украина халқы үшін ауыр қасірет. Қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Украина халқы бірлігін сақтай отырып, бастан кешіп отырған проблеманы шешеді деген үміттеміз», - деген ҚР Президентінің сөзін келтіреді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Қырғызстан Президенті кезінде өз елінің де осындай сыннан өткенін, бүгінде халық ел болашағын өз қолына алғанын атап өтті. «Бұл кезеңде ел болашағына жауап беретіндігін жариялаған украиналық саясаткерлердің мойнына жауапкершіліктің ауыр жүгі түсті. Олар барша Украина халқының мүдделерін назарға алып, ішкі саяси қысымға жол бермеуі керек. Әсіресе, этносаралық мәселеде», - деп есептейді А.Атамбаев.