Қырғызстан президентін ұлықтау тамыздың 2-сінде өтеді

БІШКЕК. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкектің мэрі Нариман Төлеев Қырғыз Республикасы президентін ұлықтау рәсімі Қырғызстанның астанасында тамыздың 2-сінде өтетіні туралы мәлімдеме жасады.

Бішкек мэрінің мәлімдемесі ұлықтау шараларын өткізу ҰҚШҰ саммиті және президент инаугурациясы кезеңінде Бішкекте шетелдік қонақтардың болуы және қала бойынша қозғалуы қалалықтарға кейбір қолайсыздықтар туғызатындығына байланысты болып отыр.