Қырғызстан президентінің отбасы күзетсіз қалды

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан Парламенті президент отбасына күзет бөлмейміз деп шешті,

деп хабарлайды «24.kg» АА.

«Егер президенттің балалары шекара асатын болса, оларды қалай қорғайтын боламыз? Ол еліміздің бюджетіне үлкен салмақ түсіреді. Егер президент отбасында арнайы күзет болмаса, халықтың назарына ілінбес үшін ол да өзінің қоғамдық ортадағы тәртібіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын болады», - деді депутат Исмаил Ысқақов.

Оның бастамасын Қырғызстан парламентінің спикері Ахметбек Келдібеков те қуаттады. Оның ойынша, комитет дұрыс шешім қабылдап отыр. «Бұған дейінгі тәртіпте мемлекет басшысының туыстары қалай балқып-шалқығаны бәріміздің есімізде болар. Оларды күзеткені соншалық, өздерін тіпті президент ретінде сезінетін. Оған қайта жол бермеу керек», - деді ол.