Бірқатар ауыр қылмыстары үшін ол екеуіне Қырғызстан Республикасында іздеу жарияланған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Оразалиев хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, департаментке Қырғызстаннан Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында екі қауіпті қылмыскердің бой тасалап жүргендігі туралы мәлімет түскен. Екеуі де - 42 жастағы Әбумәлік Жұмабаев пен 37 жастағы Жұмабай Зікірбаев - Қырғызстан азаматтары.
«Бірнеше адамды өлтіргендері және милиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасағандары үшін Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі оларға іздеу жарияланған. Оған қоса, оларға 2008 жылы қыркүйектің 24-інде белгісіз жағдайда із-түзсіз жоғалған, кейіннен өзен жағасына көмілген денесі табылған кәсіпкер Бахтияр Әміржановты өлтірді деген айып тағылып отыр», деді А.Оразәлиев.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер арнайы операция барысында Жұмабаевты - қала дәмханаларының бірінде ұстаса, Зікірбаевты - жалданған пәтерден ұстаған. Департаменттің жедел қызметтері қазір олардың Қазақстан аумағында қылмыс жасаған-жасамағанын тексеруде. Оларды көрші республикаға экстрадициялау үшін барлық қажетті құжаттар әзірленуде.