Еске сала кетейік, сенбі күні қырғыз-тәжік шекарашылары арасында дау шығып, екі тарап бір-бірлеріне оқ жаудырған болатын. Тәжік сарбаздары тіпті миномет қолданғаны жөнінде хабарланды. Салдарынан бес қырғыз шекарашысы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Қырғызстан оқиғаның қайталануын болдырмау мақсатында шекарадағы барлық өткізу пункттерін жауып тастады.
Қазіргі уақытта оны тергеу үшін арнайы мемлекетаралық комиссия құрылды.