Оған қоса, Қырғыз Республикасының премьер-министрі Мемлекеттік шекара қызметі мен қарулы күштер органдарына шекара күзеті мен қоғамдық тәртіптің күшейтілген режиміне көшуді тапсырды. Баткен облысының жергілікті билігіне өңір тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және қандай да бір қақтығыстарға жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Баткен облысының Баткен ауданы Ақсай ауылының маңында бас су бөлу ауданында Тәжікстан шекара әскерінің арнайы жасақ тобы мен Қырғызстан МШҚ әскери қызметшілері арасында қарулы қақтығыс болды. Мұның арты бір сағатқа созылған атысқа ұласты. Атыс салдарынан қырғыз тарапынан бес адам, тәжік тарапынан алты адам зардап шекті.
11:32, 12 Қаңтар 2014
Қырғызстан СІМ шекара қақтығысына байланысты Тәжікстанға наразылық нотасын әзірледі
БІШКЕК. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Сенбі күні Бішкекте шұғыл отырыс жиналып, Қырғызстанның премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев сыртқы істер министрлігіне қырғыз-тәжік шекарасындағы атысқа байланысты Тәжікстан тарапына наразылық нотасын әзірлеуді тапсырды.