Видеода Республикалық құтқару жасағының экипажы Скрябин мұздығына қонып, тас көшкінінен зардап шеккендерді құтқарып жатқаны көрініс тапқан.
Айта кету керек, бүгін түс әлеуетінде Бішкек маңындағы тауда тас көшкінінен зардап шеккен туристер Алматы әуежайына жеткізілген болатын.
2 науқас жедел жәрдем дәрігерлеріне қаралып, ауруханаға барудан бас тартты. Қалған 4 науқас №4 клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ турист тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тасқұлама кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады.