Бұрын хабарланғандай, СИЗО-50 бас бостандығынан айыру орнынан қашқан 9 қылмыскердің бесеуін ізін суытпай ұстау мүмкін болды.
Шамамен сағат 1-де Шу облысындағы ҚІІБ ЖПҚ қызметкерлері Ленинский ауылында тұспалдау бойынша берілген көлікке ұқсас Toyota Estima маркалы көлігін байқап, оны тоқтатпақ болды.
Көлік жүргізушісі ЖПҚ инспекторларының тоқтау талаптарына бағынбады.
Жол-патрульдік қызметкерлері ескерту ретінде әуеге екі рет оқ атқан. Бірақ әрекеттері еленбеген соң, ЖПҚ қызметкерлеріне табельдік тапаншадан көлік дөңгелектерінен атуға тура келді.
Машинаның ішінде шамамен 9 адам отырған, олардың бірнешеуі, соның ішінде жүргізушісі жан-жаққа қашып кетті, күдікті бес азаматты оқиға орнында ұстау мүмкін болды. Көлік салонының ішінде түрмеден қашу кезінде тәртіп сақшысының оғына ұшыраған жарақаттанған сотталушы жатқан. Тексеру кезінде ұсталған тұлғалардан қадайтын-кесетін заттар анықталып, алынды.
Бұрын хабарланғандай, 12 қазанға қараған түні №50 түзеу мекемесінен тоғыз сотталушы қашып кеткен. Қашу кезінде олар түрменің үш қызметкерін қылқындырып өлтіріп, біреуінің басын бірнеше рет балғамен соққылаған.
Тоғыз қашқынның бесеуі ұсталды, олардың арасындағы жарақаты бар біреуі ауруханаға жеткізілді, деп жазады КирТАГ.