Қырғызстан үкіметі Кедендік одаққа кіру үшін қажетті заңнамаларды құптады
18:27, 30 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика одаққа елдің кіруі бойынша «жол картасын» жүзеге асыру аясында өз міндеттемелерін толық орындады.
Қырғызстан министрлер кабинеті Кедендік одаққа кіру үшін қажетті заңнамаларды мақұлдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа сенбі күні қырғыз үкіметінің баспасөз қызметінен хабарланды.