Хабарланып отырғандай, қырғыз үкіметі жанар-жағар май материалдарының бағасына мемлекеттік реттеу енгізу мәселесін қарап жатыр. Ресей үкіметімен жанармай жеткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Қазіргі таңда Қырғызстанның жанармай бекеттерінде А-92, А-96 маркалы бензиндер лимиттелген көлеммен - 10 литр бензиннен ғана сатылып жатыр. Оның үстіне бензин мен дизель отыны 10-15 пайызға қымбаттаған.