Қырғызстан ҰҚШҰ елдерінің түрлі арнайы қызметтері үшін кадрлар әзірлеу туралы келісімді бекітті
10:32, 15 Шілде 2009
БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев «2008 жылы қыркүйектің 5-інде Мәскеуде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше
мемлекеттердің құқық қорғау, өртке қарсы күресу, апаттық-құтқару органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар әзірлеу туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.