Қырғызстан ҰҚШҰ елдерінің түрлі арнайы қызметтері үшін кадрлар әзірлеу туралы келісімді бекітті

БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев «2008 жылы қыркүйектің 5-інде Мәскеуде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше

мемлекеттердің     құқық қорғау,  өртке  қарсы күресу,    апаттық-құтқару  органдары мен  арнайы   қызметтері  үшін кадрлар  әзірлеу  туралы  келісімді бекіту  туралы» Заңға  қол қойды,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.