Қырғыз парламентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, спикер бастаған депутаттар делегациясы ТМД, ЕурАзЭҚ және Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымы парламентаралық институттарының жұмысына қатысуда.
Кездесу барысында тараптар Қырғыз парламенті мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының ынтымақтастығы сөз болды, Ассамблея іс-шараларын жүзеге асырудың барысы талқыланды.
М.Кротов Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуына қырғыз парламенті қосқан үлеске жоғары баға берді, сондай-ақ қырғыз депутаттарының парламентаралық ассамблея комиссиясының жұмысына белсенді атсалысып отырғанын атап көрсетті.
А.Тағаев өз кезегінде, ТМД аясындағы парламентаризмді дамыту мен ынтымақтастықты тереңдетуге қосқан М.Кротовтың үлесін атап көрсетіп, Бас хатшыға «Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешіне - 70 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.