Қырғызстанда 11 адамнан «доңыз тұмауы» анықталды

АСТАНА.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат -     Қарашаның   4-дегі жағдай  бойынша  Қырғызстанда   А/H1N1 тұмауымен  ауырғандардың саны 11 адамға жетті,

 оған қоса   маусымдық тұмауға шалдыққандардың да қатары   күн  сайын  өсіп келеді.   Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі   Мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық   қадағалау  департаментінің басшысы    Толон  Ысқақов бейсенбі күні журналистерге  мәлім етті,  деп  хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

 Т.Ысқақовтың айтуынша,    науқастардың барлығы    ауруханаға   жатқызылды,  ауыр жағдайлар жоқ.     Олардың  жетеуі   Қырғызстанға   осыдан бірнеше күн  бұрын  Мәскеу-Бішкек  пойызымен  келген.    Қалғандары     вирусты  сырттан  келгендерден жұқтырып алғандар.      Науқастармен  қарым-қатынастағылардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды.