Құрбан болғандар қар көшкінінен тіпті атпен шауып та қашып құтыла алмаған. Құтқарушылар олардың мүрделерін бірнеше тәулік бойы іздеді.
Бүгін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі деп хабарланды.
Метеорологтардың атап өтуінше, биылғы қыста қар көп түсті, көптеген таулы асуларға өтетін жолдар қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты жабылуда.