«2 сәуір күні Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында 61 жастағы пациенттің биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, стационарлық оқшаулауда болған, кейін ем қабылдаған. ПЦР сынамасы жүргізіліп, COVID-19 инфекциясы расталған», - делінген COVID-19 вирусымен күрес жөніндегі республикалық штаб хабарламасында.
Хабарламада атап өткендей, пациентте қосалқы аурулар болған.
Қырғызстанда 3 сәуірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жаңа жағдай тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. 5 науқас ауруханадан сауығып шықты.