Қырғызстанда аналогтық телехабар тарату тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда бүгіннен бастап аналогтық хабар тарату ажыратылды деп хабарлайды 24.kg сайты.

Жергілікті телеарналар тұрғындарды 15 сәуірден бастап аналог хабар таратудың тоқтатылатындығы туралы күн сайын құлақтандырып, «Қырғызтелеком» филиалдары мен басқа да жеке жеткізушілерден ресиверлерді сатып алуға кеңес беріп келді.

Қырғызстанда аналогтық хабар таратуға жыл сайын 250 миллион сом жұмсалып келген. 2012 жылдан бастап ел аумағы біртіндеп цифрлық телевизияға көшіріле бастады.

Цифрлық арналардың әлеуметтік пакеті  ақпараттық, әуендік-көңіл көтеру, балаларға арналған бағдарламалар, ғылыми-танымдық, спорт салаларындағы хабарларды қамтиды

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Мәдениет министрі Төгелбай Қазақов 315 мың тұрғыны бар 326 елді-мекендерге ретрансляторлар орнатылмайынша аналогтық хабар тарату ажыратылатындығын айтқан болатын.